Skip to content

🌿 “Туған өлкем, қандай көркем”: Шарын шатқалында оқушыларға арналған танымдық экскурсия

«Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясының аясында Тасқарасу орта мектебінің оқушылары үшін “Туған өлкем, қандай көркем” тақырыбында танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара еліміздің көрікті табиғи орындарының бірі — Шарын шатқалында өтті.

Экскурсия барысында оқушылар туған өлкенің табиғи байлықтарымен танысып, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы мол мағлұмат алды.

Бұл экскурсия оқушыларға экологиялық білім беріп қана қоймай, туған өлке табиғатына деген сүйіспеншіліктерін арттыра түсті.
Іс-шараға қолдау білдіріп, демеушілік жасаған «Qyzylsai » ЖШС-іне ерекше алғыс білдіреміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *