Биыл тарихы тереңнен бастау алатын Ұйғыр ауданының құрылғанына 90 жыл толды. Осыған орай «Туған жерге туынды тік!» қағидаты аясында ауданның дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды, зиялы қауымды, кәсіпкерлерді, түлектер мен жас буынды біріктіретін бірқатар іс-шаралар өтуде.

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев аудан халқына арнайы құттықтау хатын жолдап, мерейтойға орай ізгі тілектерін жеткізді.

Құттықтау хатта былай делінген:
«Бұл мерейлі күн мен үшін ерекше мәнге ие. Өйткені балалық шағымның жарқын сәттері осы ауданмен байланысты. Бұл – менің кіндік қаным тамған, тәрбие мен тәлім берген қасиетті мекен. Туған өлкемнің дамуына өз үлесімді қосу – мен үшін үлкен мәртебе»
Ауданымыздың 90 жылдық мерейтойы құтты болсын! 🎊
