✨Наурызнама онкүндігі бойынша 20 наурыз «Ұлттық спорт» күні болып белгіленген. Дәстүрлі спорт түрлері өмір сүру салты, ар-намыс, батылдық, ептілік, күш-қайрат және жылдамдық сияқты қасиеттерді бейнелейді.
✨Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары бұл күні ұлттық ойындарымызды жаңғыртып, өзара арқан тарту, асық ату, қол күресі сынды ұлттық спорт түрлерінен сайысып, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойындарын дәріптеуге, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға өз үлестерін қосты.