Skip to content

Жабайы жануарларға арналған суаттар тазартылды Көктемнің келуімен Шарын мемлекеттік ұлттық…

Жабайы жануарларға арналған суаттар тазартылды

Көктемнің келуімен Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жабайы жануарларға арналған суаттарды тазалау және бұлақ көздерін ашу жұмыстары жүргізілуде.

Ұлттық парк инспекторлары суаттардың айналасын ретке келтіріп, су жүретін арналарының бітеліп қалмауын қамтамасыз етті. Бұл жұмыстар – жабайы жануарлар, әсіресе қарақұйрықтар мен басқа да дала жануарларының суға еркін жетуіне мүмкіндік береді.