«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде көгалдандыру шарасы өтті.
Экологияны сақтау және табиғатты қорғау мақсатында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері белсенді түрде көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде.
Аталған шара барысында парк қызметкерлері Шарын ерен саяжайы аумағында ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді. Табиғатты аялап, экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін жасалған бұл қадам — келешек ұрпаққа таза әрі жасыл орта қалдырудың бір көрінісі.