Skip to content

Желтоқсан айының 5-ші жұлдызында Ават ауылы, “И.Искандеров атындағы” орта мектебінің оқушыларына Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне оқу-танымдық мақсатта саяхат сабақ ұйымдастырылды

?Оқушылар парктің құрылу мақсаты, міндеттері, тыныс-тіршілігі, цех жұмысымен танысып, “Табиғат мұражайына” саяхат жасап, ұлттық парк аумағында мекендейтін жануарлар, құстар, өсімдіктер дүниесі жайлы кеңінен мағұлмат алды.

?Оқушылар парк директорымен кездесіп, сұхбаттасып, парк жұмысы жайлы көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Өз кезегінде Гүлмира Нұралықызы оқушылардың туған жердің табиғатын танып-білу жолындағы зор ынталарына ризашылығын білдіріп, ұлттық парк атынан кітаптар тарту етті.