🔰“Тазалық – ауыл ажары”- демекші, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері “Жерімнің тазалығы – менің тазалығым” атты экологиялық акция өткізіп, ауылдың кіре беріс аймағы, Алматы-Шонжы тас жолының жол жиектерін қоқыстардан тазартып, сенбілік ұйымдастырды.
🌱Ұлттық парк қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізе жүріп, табиғатымызды, табиғаттағы тазалықты сақтау, туған жерді аялауға үндейтін мақал-мәтелдерді де тілге тиек етіп, сенбілікті де көңілді ,пайдалы өткізуге болатындығының көрінісін көрсетті.
Туған жердің табиғатын аялау – әрбір азаматтың борышы!