Skip to content

Сартоғай аумағында фототұзаққа түскен жабайы аңдар

🐗Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Сартоғай аумағында орнатылған фототұзақ құрылғысына тіркелген сүтқоректілер.

🐺Шибөрі, шүйбөрі (лат. Canis aureus) – ит тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі.Дене тұрқы 71 – 82 см, бойы 45 – 50 см, құйрығының ұзындығы 22 – 23 см, салмағы 7 – 13 кг, пішіні қасқырға ұқсас, бірақ одан екі есе кіші, түсі жирен сұрғылт. Жемін (қоян көжегі, тышқан, кесіртке, жылан, бақа, жәндіктер, жануар өлексесі, әр түрлі жеміс, қарбыз, қауын, т.б.) аулауға ымыртта шығады, кейде күндіз де қорек іздейді.

🐗Жабайы шошқа, қабан, доңыз (лат. Sus scrofa) – сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын жануар.Денесі ірі, екі бүйірі қысыңқы, мойыны жуан, басы сүйір, тұмсығы конус тәрізді көлденеңнен кесілген болып келеді. Ұшында жұп тұяғы бар, аяғы мықты, екеуі жақсы жетілген төрт саусағы болады. Құлағы үлкен және жалпақ, көзі кішкентай, танауы таңқы. Денесін қалың қылшық басқан.Қорек таңдамайтын жануар, топырақты қазып құрт-құмырсқа, өсімдік тамырлары, ұлулар және ұсақ тышқандармен қоректенеді.

✍🏻Мемлекеттік инспектор Ғ.Тореканов

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *