Skip to content

🔹ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар…

🔹ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 06.11.2026жылғы №27-03/268 бұйрығына сәйкес 20қарашадан бастап мемлекеттік орман қоры аумағының Алматы облысында 2026жылдың өрт қаупі бар маусымы аяқталды.

🔹Маусым бойы парк аумағында өрт оқиғалары орын алмады,бұл— табиғатты қорғау бағытындағы алдын алу шараларының, күнделікті бақылау жұмыстарының және мемлекеттік инспекторлардың үйлесімді қызметінің нәтижесі.

🚒 Маусым аяқталғаннан кейін атқарылған жұмыстарға талдау жүргізіліп, өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарының жай-күйі тексеріледі. Сондай-ақ 2027 жылғы өрт қаупі бар маусымға дайындық басталады.

🔥Өрт маусымының аяқталуы табиғатты қорғау жұмыстарының тоқтағанын білдірмейді. Шарынның бірегей табиғи ландшафттарын, орман-тоғайларын және биоалуантүрлілігін сақтау бағытындағы жұмыстар жыл бойы жалғасады.