🌳 Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Табиғатты қорғау мен орман байлығын сақтауға үлес қосып жүрген бірқатар қызметкер төсбелгілермен және алғыс хаттармен марапатталды.
🏆 Мереке спорттық сайыстармен жалғасын тапты. Қызметкерлер садақ ату, қол күресі, мас-рестлинг, асық ату және эстафеталық ойындарда бақ сынап, күш-жігері мен ептілігін көрсетті. Үздіктер арнайы марапаттарға ие болды.
🤝 Шара ұжымдық бірлікті нығайтып, салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталды.
🌱 Табиғатты қорғау — жауапты міндет, ал орманды сақтау — болашақ алдындағы аманат. Осы жолда табанды еңбек етіп жүрген барша орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі әрдайым лайықты бағалана берсін!