🌳Орманшы болу — жай ғана мамандық таңдау емес. Бұл — табиғаттың үнін жүрекпен есту, әрбір ағаштың тағдырына алаңдау, әрбір бүршіктің бүр жаруына қуану, жасыл әлемнің тыныштығын өз тыныштығыңдай сезіну…
Қадірлі орманшылар!🌿
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Табиғатқа деген сүйіспеншіліктеріңіз ешқашан сөнбесін, еңбектеріңіз әрдайым жемісін берсін! Қорғаған ормандарыңыз жайқалып, еккен көшеттеріңіз тамырын тереңге жайып, жасаған жақсылықтарыңыз жылдар бойы өз жемісін көрсін.Отбасыларыңыз аман, көңілдеріңіз шат,мерейлеріңіз үстем болсын!
Ізгі тілекпен,
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымы.