? “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының аясында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары оқушыларға тұқым егу жұмыстары бойынша мастер-класс өткізді.
?Акцияның мақсаты – жасыл желектеріміздің санын арттыру арқылы еліміздің экологиялық жағдайына оң ықпал ету, оқушылардың бойындағы экологиялық мәдениет деңгейін көтеріп, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
?Акция аясында 200 дана бозарша көшеттері отырғызылып, акцияға қатысушылар саны 35 адамды құрады.