🌱 “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының аясында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары оқушыларға тұқым егу жұмыстары бойынша мастер-класс өткізді.
🌱Акцияның мақсаты – жасыл желектеріміздің санын арттыру арқылы еліміздің экологиялық жағдайына оң ықпал ету, оқушылардың бойындағы экологиялық мәдениет деңгейін көтеріп, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
🌱Акция аясында 200 дана бозарша көшеттері отырғызылып, акцияға қатысушылар саны 35 адамды құрады.