Skip to content

🌎 Табиғатты аялау — Жер-Ана алдындағы жауапкершілігіміз

🌎22 сәуір — Халықаралық Жер күні (Earth Day). Бұл күн қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сақтауға және климаттың өзгеруіне қарсы әрекет етуге арналған жаһандық бастама ретінде атап өтіледі.

🌎Халықаралық Жер күні алғаш рет 1970 жылы АҚШ-та өткізілді. Қазіргі таңда бұл күн әлемнің 190-нан астам елінде аталып өтіледі. Мақсаты — адамдардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және экологиялық мәселелерге назар аударту.

🌎22 сәуір – Халықаралық Жер күніне орай Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық ағарту маманы Кіші Ақсу орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларымен бірге “Табиғат Ана” тақырыбында танымдық әңгімелесу өткізді.

Іс-шара барысында оқушыларға табиғатты аялаудың маңыздылығы, экологиялық мәдениет пен Жер-Ананы қорғаудың жолдары жайлы ақпарат берілді. Балалар белсенді қатысып, табиғат туралы өз ойларымен бөлісті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *