Skip to content

? Табиғатты аялау — Жер-Ана алдындағы жауапкершілігіміз

?22 сәуір — Халықаралық Жер күні (Earth Day). Бұл күн қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сақтауға және климаттың өзгеруіне қарсы әрекет етуге арналған жаһандық бастама ретінде атап өтіледі.

?Халықаралық Жер күні алғаш рет 1970 жылы АҚШ-та өткізілді. Қазіргі таңда бұл күн әлемнің 190-нан астам елінде аталып өтіледі. Мақсаты — адамдардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және экологиялық мәселелерге назар аударту.

?22 сәуір – Халықаралық Жер күніне орай Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық ағарту маманы Кіші Ақсу орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларымен бірге “Табиғат Ана” тақырыбында танымдық әңгімелесу өткізді.

Іс-шара барысында оқушыларға табиғатты аялаудың маңыздылығы, экологиялық мәдениет пен Жер-Ананы қорғаудың жолдары жайлы ақпарат берілді. Балалар белсенді қатысып, табиғат туралы өз ойларымен бөлісті.