🌱Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері Шонжы политехникалық колледжінің студенттерімен бірлесіп экологиялық іс-шара өткізді.
🌱Акцияның басты мақсаты — жас ұрпақтың бойында табиғатты аялау мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін арттыру.
🌱Іс-шара барысында ұлттық парк мамандары студенттерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстармен таныстырып, экожүйені сақтау маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар қатысушылар колледж аумағында көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, аумақты абаттандырды.
🌱Осындай бірлескен шаралар жастардың экологиялық санасын көтеріп, табиғатқа жанашыр көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді.