Skip to content

?ТАЗА ҚАЗАҚСТАН

?Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері Шонжы политехникалық колледжінің студенттерімен бірлесіп экологиялық іс-шара өткізді.

?Акцияның басты мақсаты — жас ұрпақтың бойында табиғатты аялау мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін арттыру.

?Іс-шара барысында ұлттық парк мамандары студенттерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстармен таныстырып, экожүйені сақтау маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар қатысушылар колледж аумағында көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, аумақты абаттандырды.

?Осындай бірлескен шаралар жастардың экологиялық санасын көтеріп, табиғатқа жанашыр көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді.