Skip to content

🔰Жаңабай Құдайбергенов атындағы орта мектебінде облыстық семинар ұйымдастырылды. 🔹Семинар барысында…

🔰Жаңабай Құдайбергенов атындағы орта мектебінде облыстық семинар ұйымдастырылды.

🔹Семинар барысында қатысушылар «Мектеп орманшылығы» оқушылар ұйымының Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен бірлесіп атқарып жатқан жұмыстарымен танысты.

Атап айтқанда, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және жасыл желекті көбейту бағытындағы жұмыстар таныстырылды.

🌱Сонымен қатар ұлттық парк қызметкерлері мен мектеп оқушылары көшеттерді отырғызу, күтіп-баптау және олардың өсуіне жағдай жасау бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Мұндай бірлескен жұмыстар өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау ісіне белсенді араласуына ықпал етеді.