🔹2026 жылғы 25–26 қыркүйек күндері Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласында «Ромит» биосфералық резерватын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне енгізуге арналған халықаралық конференция өтті.
🔹Конференция барысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен биосфералық резерваттарды тиімді басқару, биоалуантүрлілікті сақтау, экологиялық туризмді дамыту, ғылыми мониторинг жүргізу және өңірлік ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.



