🇰🇿🇹🇯2026 жылғы 25–26 сәуір күндері Тәжікстан Республикасының делегациясы Шарын және Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парктеріне жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамында Тәжікстан Республикасының экология министрі Баходур Шерализода болды.
Сапар барысында қонақтар визит-орталықтардың қызметімен, туристік инфрақұрылыммен және экологиялық туризмді ұйымдастыру тәжірибесімен танысты. Ерекше назар тұрақты туризмді дамытуға, қызметтерді цифрландыруға және табиғи кешендерді сақтауға аударылды.
Делегация «Аюсай» визит-орталығында болып, Шарын шатқалы туристік маршрутымен және заманауи инфрақұрылыммен, оның ішінде экологиялық көлік түрлерімен танысты.
Аталған кездесу тәжірибе алмасуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және өңірдегі экотуризмді дамытуға өз үлесін қосады.
🇰🇿🇹🇯25–26 апреля 2026 года делегация Республики Таджикистан с рабочим визитом посетила территорию Чарынского государственного национального природного парка и Иле Алатауского государственного национального природного парка. В составе делегации принял участие министр экологии Республики Таджикистан Баходур Шерализода.