Skip to content

🔥 ӨРТ ҚАУПІ МОЛ МАУСЫМДА САҚ БОЛЫҢЫЗ! Ауа температурасының жоғарылауына…

🔥 ӨРТ ҚАУПІ МОЛ МАУСЫМДА САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Ауа температурасының жоғарылауына және өрт қаупінің күшеюіне байланысты Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері ұлттық парк аумағына шекаралас шаруашылық қожалықтары мен келушілер арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында азаматтарға өрттің алдын алу, табиғат аясында от жағу тәртібі, темекі тұқылдарын тастамау және жанғыш заттарды пайдалануда сақтық шараларын сақтау жөнінде нұсқаулықтар беріліп, арнайы ескерту парақшалары таратылды.

Табиғат – баршамызға ортақ қазына. Оның сақталуы әр азаматтың жауапкершілігіне байланысты.

❗ Құрметті тұрғындар мен қонақтар!
Сіздерді өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және табиғатты қорғауға шақырамыз!