Skip to content

🌱«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында Шарын ұлттық паркінде «Бұлақ…

🌱«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында Шарын ұлттық паркінде «Бұлақ көрсең – көзін аш» атты акция ұйымдастырылды.

🔹Бұлақтың көзін ашу – жай ғана тазалық жұмысы емес, табиғатқа деген жанашырлықтың, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің көрінісі. Өйткені мөлдір судың әр тамшысы – тіршіліктің жалғасы. Табиғи су көздерін сақтау арқылы біз табиғаттың тепе-теңдігін қорғап, келер ұрпаққа таза әрі бай мұра қалдырамыз.