🇰🇿 Республика күніне орай Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің кеңсесінде орналасқан «Табиғат мұражайында» «Туған өлкемнің табиғаты» атты ашық есік күні ұйымдастырылды.
🌿 Іс-шара барысында келушілерге мұражайға экскурсия жүргізіліп, Шарын ұлттық паркінің қайталанбас табиғи байлығы, өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемі таныстырылды. Сонымен қатар парк аумағында мекендейтін сирек кездесетін жануарлар туралы маңызды ақпарат берілді.
🍃 Іс-шараның басты мақсаты — туған өлкенің табиғи мұрасын таныту, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттыру және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру.
