Шарын ерен тоғайында қара дегелектің ұясы анықталды
📹 Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Шарын ерен тоғайында жүргізілген бақылау барысында ерекше бейнекадр тіркелді. Кадрдан Халықаралық деңгейде қорғалатын және Қазақстанның Қызыл кітабына енген қара дегелектің (қара ләйлек) ұясы анық көрінеді.
🔹Қара дегелек – адамдардан алыс, тыныш орманды алқаптар мен өзен-көл маңын мекендейтін аса сақ құс. Оның қара түсті қауырсындары күн сәулесіне шағылысқанда жасыл, күлгін және қола реңктерге құбылып, ерекше әсем көрініс сыйлайды.
🔹Қара дегелектің Шарын ерен тоғайында ұя салуы – бұл аумақтың табиғи экожүйесінің тазалығы мен биоалуантүрлілігінің жоғары деңгейде сақталғанының маңызды көрсеткіші. Себебі бұл құс тек экологиялық жағдайы қолайлы, тыныш әрі табиғи қалпы бұзылмаған мекендерді ғана таңдайды.
📌 Қара дегелек туралы қызықты деректер:
🔸Қара дегелек жұбын өмір бойына таңдайды.
🔸Бұл құстың ұя салуы – аумақтың экологиялық тұрғыдан таза екенінің маңызды белгісі.
🔸Қара дегелектің ас қорыту жүйесі өте төзімді, жылан уына табиғи иммунитеті бар.

