🔹Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Смарт-патрульдеу жүйесі бойынша 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысына арналған брифинг өтті.
🔹Брифинг барысында 2026 жылдың алғашқы алты айында смарт-патрульдеу жүйесі арқылы атқарылған жұмыстардың нәтижелері қорытындыланып, инспекторлардың патрульдеу бағыттары, табиғатты қорғау мақсатында жүргізілген рейдтердің тиімділігі мен қол жеткізілген нәтижелері талқыланды.
🔹Смарт-патрульдеу жүйесі ерекше қорғалатын табиғи аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және табиғи байлықтарды сақтауға бағытталған маңызды цифрлық құрал болып табылады.