🌊Шарын шатқалында «Қауіпсіз жағалау» акциясы өткізілді
🔹Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, “Шарын шатқалы – Қамалдар аңғары” туристік бағытында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлескен “Қауіпсіз жағалау” ақпараттық-түсіндіру акциясы өткізілді.
🔹Акция барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, ақпараттық парақшалар мен жадынамалар таратылды. Сонымен қатар азаматтармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығы айтылды.
❗ Өзен жағалауларында абай болыңыздар!
👨👩👧 Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!
⚠️ Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!