Skip to content

? “Айналаңды қоқысқа айналдырма!”: Шонжы ауылында экологиялық сенбілік өтті

?Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен Шонжы ауылының орталық паркінде “Таза Қазақстан” және “Парктер шеруі” экологиялық акцияларының аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.

?N5 Шонжы орта мектебінің жас табиғат жанашырлары “Айналаңды қоқысқа айналдырма!” ұранымен парк аумағын қоқыстан тазалап, бірнеше қап қоқыс қалдықтарын жинады.

Бұл — тек тазалық жұмысы ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға деген жанашырлық пен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Табиғат — аманат. Оны таза ұстау — баршамыздың міндетіміз!