Skip to content

Шарын шаған тоғайының экологиялық жағдайын бағалау мақсатындағы кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілді

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамындағы Республикалық маңызы бар табиғат ескерткіші – Шарын шаған тоғайының қазіргі экологиялық жағдайын, патологиялық ахуалын және жалпы қоршаған ортаның жай-күйін анықтау мақсатында бірқатар мамандандырылған мекемелердің қатысуымен далалық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу жұмыстарына келесі ғылыми және сараптамалық ұйымдардың мамандары қатысты:
• “Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы”;
• Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты;
• ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің “Зоология институты”;
• “Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы”;
• Қазақ ұлттық аграрлық зерттеулер университеті.

Аталған далалық жұмыстар барысында шаған тоғайының флорасы мен фаунасының жағдайы, өсімдік патологиясы мен фитосанитарлық қауіптерге қатысты кешенді деректер жиналып, олардың нәтижелері ғылыми-техникалық кеңес отырысында талқыланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *