
🕷️ Қарақұрт (лат. Latrodectus tredecimguttatus) – улы өрмекшітәрізділер тұқымдасына жатады. Көздері күндіз де түнде де бірдей көреді. Ұрғашы қарақұрт ұясын жерге салып, оның айналасына тор тоқып, жәндіктермен қоректенеді.
Қарақұрт шаққан жерде қызыл дақ пайда болады, сәл уақыттан соң білінбей кетеді. Қарақұрт шаққан адамның 10 – 15 минуттан кейін іші мен кеудесі қатты ауырып, аяқтарының жаны кетіп, құрысып қалады. Дер кезінде жедел жәрдем көрсетілмесе, уланған адам 1 – 2 күннен кейін өліп кетуі мүмкін.
❗Келуші туристердің назарына!!!
Егер қарақұртты көрсеңіз сақтық шараларын қатаң сақтаңыздар!!!