Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орнатылған фототұзаққа ҚР Қызыл кітабына енгізілген қарақұйрықтар (Gazella subgutturosa) тіркелді! 🦌
Қарақұйрық — Қазақстанның шөлейт және шөлді аймақтарында кездесетін, саны күрт азайып кеткен тұяқты жануар. Сондықтан оларды қорғау — баршамыздың ортақ міндетіміз!
🌿 Шарын ұлттық паркі — мұндай сирек түрлердің сақталып, көбеюіне қолайлы жағдай жасап отырған бірегей табиғи аймақ.
Осындай ғажайып сәттер табиғаттың қаншалықты бай әрі нәзік екенін еске салады. Қорғайық, сақтайық, бағалайық!