
Сол әсем құстардың бірі – Зымыран (Alcedo atthis).
Зымыран – Көк қарғатарізділер отрядына жататын әсем құс.
🍃Дене тұрқы – 10–45 см, салмағы – 27–38 г.
🍃Аталығы аналығынан ірілеу келеді.
🍃Үсті – қара көк, бауыры – жирен, тұмсығы – қара, аяқтары – қызыл.
🍃 Негізгі қорегі: ұсақ балықтар мен жәндіктер, әсіресе инеліктердің дернәсілдері.
🍃 Тіршілігі: жыл құсы. Ұясын ағаш қуысына немесе інге салады. Жылына 2–3 рет көбейіп, 2–7 жұмыртқа басады.
🍃 Пайдасы: зиянды жәндіктерді азайтып, табиғатқа пайда келтіреді.
Зымыран – таза, балықтарға бай су ортасына бейімделген құс. Яғни, бұл құстың ұлттық парк аумағында болуы – қоршаған орта сапасының жақсы екендігін көрсетеді.