Skip to content

🌱 “Ағаш ексең аялап, жаныңа болар саябақ” атты экологиялық акция аясында 600 дана бозарша тұқымы отырғызылды

🌱Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы еліміздің әр өңірінде жүзеге асырылуда. Осы орайда 21-ші қаңтар 2025 жылы “Ұйғыр аудандық білім бөлімі” КММ, “Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” РММ-сі, “Қарадала орман шаруашылығы” КММ бірлесіп, аудан орталығы Шонжы ауылында орналасқан 5 мектептің оқушыларының қатысуымен “Ағаш ексең аялап, жаныңа болар саябақ” тақырыбында ауқымды экологиялық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында мектеп мұғалімдері “Бозарша қылқан жапырақ тұқымын себу және өсіру” тақырыбында шебер сабақ өткізіп, табиғат қорғау мекемелерінің мамандары оқушыларға тұқымнан ағаш өсіру жолдарын үйретіп, күтіп-баптау әдістерін түсіндірді. Акция аясында 600 дана бозарша тұқымы отырғызылды. Акцияға қатысушылар саны 130 адамды құрады.

🌱Аталмыш акцияның мақсаты – жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген қамқорлыққа баулу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *