Skip to content

Бүгін Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы «Шарын шатқалы –…

Бүгін Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы «Шарын шатқалы – Қамалдар аңғары» туристік бағытында орналасқан жаңа бақылау-өткізу пунктінің құрылысы толық аяқталып, нысанның кілті Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне табысталды.

Жаңа бақылау-өткізу пункті «Жетісу Вольфрамы» ЖШС мен Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі арасында жасалған 2024–2046 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жөніндегі Жол картасы аясында жүзеге асырылған маңызды жобалардың бірі.

Жаңа бақылау-өткізу пункті:
🔹 туристерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға;
🔹 келушілер ағынын тиімді ұйымдастыруға;
🔹 қауіпсіздікті күшейтуге;
🔹 өткізу қабілетін арттыруға;
🔹 ұлттық парк аумағындағы табиғатты қорғау режимін сақтауға мүмкіндік береді.

Бұл – ұлттық парктің туристік және инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, келушілерге қолайлы жағдай жасауға және экологиялық туризмді тұрақты дамытуға бағытталған маңызды жоба.