🌏Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді.
🔰Іс-шара барысында парк қызметкерлері табиғи аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазартып, демалыс орындары мен туристік бағыттардың санитарлық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар атқарды.
✅Табиғатты қорғау – тек бір күндік шара емес, ол қоршаған ортаға деген жауапкершілік пен экологиялық мәдениеттің көрінісі. Осындай тазалық жұмыстары табиғи байлықтарымызды сақтауға, қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етуге және келешек ұрпаққа көркем табиғатты аманат етуге бағытталған.