🔷«Фототұзақ құрылғыларын қолдана отырып сүтқоректілердің биоалуантүрлілігін зерттеу, парк аумағындағы жануарларға мониторинг жүргізу және олардың есебін жүргізу» ғылыми-зерттеу жоспарына сәйкес Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ғылым бөлімінің мамандары парк аумағына фототұзақ құрылғыларын орнатты.
📸Фототұзақтар жабайы жануарларды табиғи мекендеу ортасында мазаламай бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл құрылғылар арқылы жануарлардың түрлік құрамы, таралу аймағы, тәуліктік белсенділігі және маусымдық қозғалысы туралы маңызды ғылыми деректер жиналады.





