Skip to content

📸 Фототұзақ объективіндегі құстардың тіршілігі Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі…

📸 Фототұзақ объективіндегі құстардың тіршілігі

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында орнатылған фототұзақтар құстардың тіршілігін тіркеді.

Қосымша қоректендіру алаңына шашылған жемге қырғауыл, сауысқан, кекілік және үйректер келіп, қоректеніп жүр.

Қосымша қоректендіру жұмыстары құстардың қыстан аман шығуына, олардың мекендеу ортасында тұрақты тіршілік етуіне оң ықпал етеді.