Skip to content

🐾 Фототұзақ тіркеген сирек сәт: Түркістан сілеусіні Шарын ұлттық паркінде…

🐾 Фототұзақ тіркеген сирек сәт: Түркістан сілеусіні Шарын ұлттық паркінде

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Сартоғай аумағында жабайы табиғаттың сирек әрі құнды сәті фототұзақ арқылы тіркелді. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген Түркістан сілеусінінің объективке ілігуі – бұл аумақта жабайы табиғаттың табиғи қалпы сақталғанын және жабайы жануарларды қорғау мен мониторинг жүргізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқандығын көрсетеді.

Сонымен қатар, дәл осы аумақта фототұзаққа дала мысығы мен түлкі де түсті. Бір аумақта үш түрлі сүтқоректінің қатар тіркелуі ұлттық парк аумағының биоалуантүрлілікке бай, жыртқыштар үшін қолайлы табиғи мекен екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.