Skip to content

🔰Қазақ ұлттық аграрлық-зерттеу университеті студенттерінің қатысуымен экологиялық акция өткізілді “Таза…

🔰Қазақ ұлттық аграрлық-зерттеу университеті студенттерінің қатысуымен экологиялық акция өткізілді

“Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында “Таза өлке” акциясы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара барысында университет студенттері Шарын шатқалына саяхаттай отырып, ұлттық парк аумағын қоқыстан тазартуға бағытталған жұмыстарға белсенді атсалысты. Тазалық жұмыстарының нәтижесінде парк аумағы 0,3 тоннаға жуық қоқыстан тазартылды.

Жалпы акцияға 100-ге жуық студент қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – экскурсия барысында ұлттық парк аумағын қоқыстан тазарту, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениет деңгейін арттыру.

🔰Экологическая акция с участием студентов Казахского национального аграрно-исследовательского университета

В рамках общенациональной экологической акции «Таза Қазақстан» на территории Чарынского государственного национального природного парка была организована акция «Таза өлке».

В ходе мероприятия студенты университета, совершая экскурсию по Чарынскому каньону, активно участвовали в работах по очистке территории национального парка от мусора.