Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Ғалымұлы Тұрғамбаев Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапары аясында ұлттық парк басшылығы және қызметкерлерімен кеңес өткізіліп, парктің қазіргі жағдайы мен алдағы даму бағыттары талқыланды.
Кеңес барысында экологиялық туризмді дамыту, туристік инфрақұрылымды жетілдіру, туристік маршруттарды абаттандыру, келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар ұлттық парктің қызметіне қатысты бірқатар өзекті және проблемалық мәселелер қаралып, оларды кезең-кезеңімен шешу жолдары талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша Шарын ұлттық паркінің туристік әлеуетін одан әрі арттыру, инфрақұрылымды дамыту және бірегей табиғи кешендерді сақтай отырып, келушілер үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау бағытында тиісті тапсырмалар берілді.
Табиғатты сақтау және экологиялық туризмді тұрақты дамыту – басты басымдық.