Құрметті отандастар!🇰🇿
«Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» баршаңызды ұлттық мерекеміз — Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
🔹Туған жердің табиғи байлығын сақтау, бірегей экожүйелерді қорғау және табиғи мұраны келер ұрпаққа аманат ету — баршамызға ортақ жауапкершілік. Осы жолдағы әрбір еңбегіміз еліміздің экологиялық тұрақтылығы мен жарқын болашағына қосылған үлес.
🔹Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем, көк туымыз әрдайым биікте желбіресін! Қазақстанымыз өркендеп, халқымыздың мерейі арта берсін!
