ҚҰРМЕТТІ ШАРЫН ҰЛТТЫҚ ПАРКІНІҢ КЕЛУШІЛЕРІ!
Ауа температурасының күрт жоғарылауына байланысты туристік бағыттарда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ:
🔺Бас киім киіп, күннен қорғайтын жеңіл әрі жабық киім киіңіз.
🔺Өзіңізбен жеткілікті мөлшерде ауыз су алып жүріңіз және суды жиі ішіңіз.
🔺Күннен қорғайтын крем, күннен қорғайтын көзілдірік және басқа да қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз.
🔺Белгіленген туристік бағыттардан шықпаңыз.
🔺Жартастардың шетіне жақындамаңыз және қоршаулардан аспаңыз.
🔺Рұқсат етілмеген жерлерде суға түспеңіз.
🔺Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
🔺Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз, от жақпаңыз және темекі тұқылын тастамаңыз.
Есте сақтаңыз❗️
Сіздің қауіпсіздігіңіз – біздің басты міндетіміз. Қауіпсіздік талаптарын сақтау – өз өміріңізді және табиғатты қорғаудың маңызды кепілі.

