📋 Мемлекеттік инспекторлардың қызметтік күнделіктеріне тексеру жүргізілді
🔹Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары жүргізетін қызметтік күнделіктерге жоспарлы тексеру жұмыстары өткізілді.
🔹Тексеру барысында күнделіктердің толтырылу сапасы, жазбалардың толықтығы, атқарылған жұмыстардың нақты көрсетілуі және белгіленген талаптарға сәйкестігі қаралды.
🔹Тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша мемлекеттік инспекторларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қызметтік құжаттарды сапалы әрі талапқа сай жүргізу жөнінде тиісті ұсыныстар берілді.



