🔹Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында орман қорын сақтау және табиғи өрттердің алдын алу мәселелеріне арналған брифинг өтті.
🔹Брифинг барысында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Гүлмира Нысанбаева ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы бірегей табиғи кешендерді сақтау, өрт қауіпті кезеңде қабылданып жатқан алдын алу шаралары және табиғатты қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

