🌱 «Өсіп шықсын еккенім»
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің тұқымбағында
Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектебінің оқушыларымен бірлесіп, ағаш тұқымдарын жинауға арналған акция өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға баулу және жасыл желекті көбейтуге үлес қосу.
🌿 Бүгінгі жиналған әрбір тұқым – ертеңгі жайқалған ағаштың бастауы. Табиғатты аялау кішкентай қадамдардан басталады!