🌍 «Парктер шеруі – 2026» табиғатты қорғау акциясы аясында Шонжы ауылы, №5 Шонжы орта мектебінің оқушылары табиғатпен етене жақын танысып, ерекше танымдық саяхатқа қатысты.
📚 Оқушылар «Табиғат мұражайын» аралап, ұлттық парк аумағындағы сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер дүниесі туралы мол мағлұмат алды. Табиғаттың тылсым сырларына қанығып, қоршаған ортаны қорғаудың маңызын терең түсінді.
🌱 Ұлттық парк мамандары табиғат аясында экологиялық дәріс өткізіп, жас ұрпаққа табиғатты аялау, туған жердің байлығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөнінде тағылымды әңгіме жүргізді.