Skip to content

🇰🇿 Республика күніне орай Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және…

🇰🇿 Республика күніне орай Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен студенттерге арналған «Туған жердің табиғатын қорғау – елге деген сүйіспеншіліктен басталады» тақырыбында патриоттық-экологиялық кездесу өтті.

🌱 Кездесудің басты мақсаты – жас ұрпақтың туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіру және табиғи мұраны сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

🌿 Туған жердің табиғатын аялау – Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі! Табиғатты қорғауға бейжай қарамайтын ұрпақ тәрбиелеу – ел болашағына қосылған маңызды үлес.