Skip to content

Шарын ерен тоғайы – табиғаттың баға жетпес мұрасы 🌿Бұл тоғай…

Шарын ерен тоғайы – табиғаттың баға жетпес мұрасы

🌿Бұл тоғай – палеоген дәуірінен бері сақталып келе жатқан реликті шаған (ерен) ағашы өсетін әлемдегі бірегей табиғи орындардың бірі. Миллиондаған жылдар бойы табиғаттың төл қалпын сақтап келген тоғайдың әр соқпағы тылсым тарихтан сыр шертеді.

🍃Ерен тоғайы тек өсімдіктер әлемімен ғана емес, жануарлар дүниесімен де ерекше. Мұнда елік, қабан, шибөрі, қырғауыл сияқты жануарлар мен құстар табиғи мекенінде тіршілік етеді.

✨Шарын ерен тоғайына келіп, табиғаттың ғажайып әлемін сезініңіз. Әр қадамыңыз – жаңа әсер, әр сәтіңіз – ұмытылмас естелік!