🌳Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында орналасқан уақытша орман тұқымбағында орман ресурстарын молайту және табиғи экожүйелерді қалпына келтіру мақсатында 10 000 дана тал (Salix spp.) және терек (Populus spp.) қалемшелері отырғызылды.
🧊Отырғызу материалы қыс мезгілінде арнайы талаптарға сәйкес дайындалып, төмен температура жағдайында, мұз астына көміліп сақтау әдісі арқылы консервацияланды.
🌱Бұл тәсіл қалемшелердің физиологиялық тыныштық күйін сақтап, ылғалдылық деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ көктемгі отырғызу кезеңінде олардың тіршілікке қабілеттілігін және тамырлану көрсеткішін арттыруға мүмкіндік береді.







