📍 Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы Темірлік учаскесінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген сирек жануар — Қарақұйрық популяциясына мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді.
🦌Көктем мезгілі, әсіресе мамыр айы — қарақұйрықтардың төлдеу кезеңімен сәйкес келеді. Осыған байланысты жануарлардың табиғи мекендеу ортасындағы қозғалысын, төлдеу аумақтарын және популяция жағдайын бақылау мақсатында учаскеге фототұзақ құрылғылары орнатылды.