Skip to content

📸Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі инспекторлары орнатқан жасанды суаттан Қазақстанның…

📸Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі инспекторлары орнатқан жасанды суаттан Қазақстанның Қызыл кітабына енген Дала қыраны су ішіп, артынша шомылып, сергіп алғаны фототұзаққа түсіп қалды.

Бұл көрініс – жануарлар үшін жасалған жағдайлардың маңыздылығын және табиғатты қорғау жұмыстарының нақты нәтижесін айқын көрсетеді. Қуаң дала жағдайында мұндай суаттар – тіршілік иелері үшін нағыз өмір көзі.

🦅 Дала қыраны (Aquila nipalensis) – Қазақстан даласының символы саналатын ірі жыртқыш құс. Қазіргі таңда оның саны азайып, жойылып кету қаупі туындаған. Осыған байланысты ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және Халықаралық табиғат қорғау одағы Қызыл тізімінде EN (Endangered – жойылып кету қаупі бар) санатына жатады.

📸На искусственном водопое, установленном инспекторами Чарынского государственного национального природного парка, был зафиксирован занесённый в Красную книгу Казахстана Степной орёл. Птица утолила жажду, после чего искупалась и освежилась.

Этот момент наглядно демонстрирует важность создания условий для диких животных и является результатом проводимой природоохранной работы.